Биылғы жылы әлем елдері көрсеткіштердің төрт категориясы бойынша бағаланды:
- Технологияларды құру мен пайдалану үшін жалпы орта;
- АКТ-инфрақұрылымдардың қолжетімділігі тұрғысынан желілік әзірлік;
- Жаңа технологияларды үкіметтің, жеке сектордың және жеке тұлғалардың пайдалануы;
- Жаңа технологиялардың экономикалық және әлеуметтік ықпалы.
Өткен жылмен салыстырғанда көш басындағы үштік – Сингапур, Финляндия, Швеция өзгерген жоқ. Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшы орынға тұрақтап, өңірлік рейтингті бастап тұр.
«АКТ саласындағы заңнаманы дамыту» көрсеткіші бойынша Қазақстан 2015 жылғы көрсеткіштен (48 орын) 10 орынға жоғарылап, 2016 жылы 38 орынға тұрақтады.
«Мектептерде интернетке қолжетімділік» көрсеткіші бойынша еліміз бір жыл ішінде 15 деңгейге көтіріліп, 41-ші орынға жетті.
«Бизнесті ашу үшін қажетті уақыт» және «Бизнесті бастауға қажетті процедуралар саны» көрсеткіштері бойынша Қазақстан әлем елдерінің алғашқы отыздығына енеді. Бұл ретте біз бір жыл ішінде көрсеткіштерімізді екі есеге арттырып, қазіргі уақытта сәйкесінше 26-шы және 22 орындарға жеттік.
Желілік дайындық индексі – әлем елдерінде ақпараттық қоғамды дамыту жөніндегі жыл сайынғы баяндамалар сериясы шеңберінде 2002 жылдан бері Дүниежүзілік экономикалық форум мен INSEAD халықаралық бизнес мектебі ұсынатын АКТ-ні дамытудың кешенді көрсеткіштері. 2013 жылы жобаға Корнельск университеті жанындағы Сэмюэл Кёртис Джонсон атындағы Жоғары басқару мектебі (Samuel Curtis Johnson Graduate School of Management) қосылды. Түрлі елдердегі ақпараттық қоғамның даму деңгейін көрсететін салыстырмалы рейтингтерді құру үшін талдау құралы ретінде пайдаланылады.
"ҚмД" ақпарат