Бұл туралы «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
«Ал, бүгін «Келіннің" соңғы көрсетілімі. Тек «Келін» ғана емес, жалпы үнді сериалының. Әзірге солай шештік», – дейді Е.Қарин. Бірақ «әзірге» дегеніне қарағанда, бұл әлі соңғы шешім емес сияқты.
Айта кетейік, Ерлан Қарин «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшысы болып осыдан үш апта бұрын тағайындалды.