Қазақстан сұлу келіншек секілді бәріне бірдей ұнағысы келеді

Dalanews 19 жел. 2016 12:29 1001

Гаода өткен жиында бір саясаткер «Қазақстан сұлу келіншек секілді. Ол бірден 89 мемлекетке ұнағысы келеді», – деген пікір айтады. Камал Низамұлы қолын көтеріп, сол жерде оған мынадай жауап берген, – деп хабарлайды alashinform.kz.

– Біріккен Ұлттар ұйымында 192 мемлекет бар. Сіз 89 мемлекет дегенді қайдан шығардыңыз? Қазақстан – күн астындағы алып орыс аюы мен қытай айдаһарының арасында өзінің сенімді орнын тапқан жас әрі мықты барыс. Сіз менің еліме тіл тигізбеңіз! – деп жауап берген. Жиын соңынан әлгі саясаткер Камал Низамұлынан кешірім сұраған.

Камал Низамұлын парламент депутаты болып жүрген кезінде шет мемлекеттерге арнайы жібереді екен. Өйткені шетелдіктер қазақ сарапшысы ретінде Бұрхановты таныған. Ол бірнеше рет Вашингтонда, Венада болған халықаралық сарпашылармен пікірталаста өз көзқарасын дәлелдеп шыққан. 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезінде Камал Низамұлы елдің алдына шығып, сөз сөйлеп, жұртшылықты сабырға шақырған.

Камал Низамұлының балалық шағы да өте қиын кезеңде өтеді. Ол өскен ортада жалғыз қазақ отбасы болған. 1936 жылы әкесі қамалып, анасы екі баласымен Ташкентке кетеді. Сол жерде екі баласын балалар үйін өткізіп, өзі жұмыс істейді. Анасы байдың қызы болғанына қарамастан ауыр жұмыстар жасап, балаларын оқытуға күш салады.

– Бұрхан атам көріпкел болған екен. Сталинді 18 жылдан артық өмір сүрмейді. Халыққа да, дінге де қарсы үкіметтің болашағы болмайды деп болжаған. Қауіпсіздік комитетінде сақталған құжаттарды қарап отырып, сол деректің шындығына көз жеткіздім. Қызылорда облысындағы қауіпсіздік комитетінің мұрағатында сақталған. Ол жерде әлі күнге құпия сақталған құжаттар бар екен. Мен оны ашып көрмедім. Қуғынға ұшырағандарды атқан жер – қазіргі таңда қоқыс тастайтын елеусіз мекен. Біз сол жерді тауып белгі соғып, Құран бағыштадық, – дейді Камал Бұрханов. Камал Низамұлы туралы мәліметтер Дана Нұржігіттің «Дара жолынан» алынды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар