"Қазақстан студенттері альянсының" жетекшісі 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

"Қазақстан студенттері альянсының" жетекшісі 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Фото: Михаил Козачковтың парақшасынан

"Қазақстан студенттері альянсының" жетекшісі әрі студенттік омбудсмен Улан Наукен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның жазуынша, әкімшілік іске Ұлытау облысында өткен той кортежі себеп болған. Полиция Ұлан Наукенннің жол қозғалысы ережесін бұзған бірнеше көлікті видеоға түсіріп, өзі де жол талғамайтын көліктің люгінен шығып бейнежазба жасағанын жеткізді.

Кейін бұл видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланып, кеңінен таралған. Осыдан кейін полиция тексеру жүргізіп, кортежге қатысқан барлық көлікті айып тұрағына қойған. Нәтижесінде 22 әкімшілік хаттама толтырылып, бес жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылған.

Қаражал қалалық сотында қаралған іс барысында Ұлан Наукен кінәсін мойындап, болған оқиғаға өкініш білдірген.

"Судья Сауле Дүсембина жігітті 20 АЕК көлемінде айыппұлмен шектеуге болатынына қарамастан, мұны жеткіліксіз деп танып, Ұлан Наукенді 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды", – деп жазды Михаил Козачков.