Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігінің жұмысын тоқтатты

Dalanews 01 ақп. 2023 17:39 835

ҚР Сауда және интеграция министрлігі мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру мақсатында Ресеймен өзара ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ескеріп, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігінің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Бүгінде қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ресей бағытында жұмыс істеп, барлық операциялық мәселелерді шешу үшін институционалдық жағдайлар жасалған. Сондықтан бұдан ары қарай Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігін ұстаудың қажеті жоқ. Алдағы уақытта өкілдікте жұмыс істеген мамандар Қазақстанның басқа елдерде дипломатиялық байланысын күшейтуге бағытталатын болады.

Бұл шешім 1992 жылғы 22 қазандағы сауда өкілдіктерін өзара құру туралы үкіметаралық келісімнің күшін жоюды талап етпейді және Ресей Федерациясының ҚР-дағы сауда өкілдігінің жұмысына және жалпы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына әсер етпейді.

Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. Бұл бірқатар объективті факторларға байланысты: географиялық орналасуы, ЕАЭО-ның жалпы экономикалық кеңістігі, дамыған шарттық-құқықтық базасы, екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету үшін тиімді алаңдардың болуы (үкіметаралық комиссия, өңіраралық ынтымақтастық форумы, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша кіші комиссиялар).


Бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 8000-ға жуық компания және 3348 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Мәскеудегі ХШЖК аумағында халықаралық маңызы бар "Қазақстан" сауда-көрме орталығы ("QazExpoCongress" ҰК» АҚ жалғыз қатысушысы) жұмыс істейді. Оның міндеттеріне мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету кіреді.

Ресей Федерациясында экономикалық дипломатияны ілгерілету функциясын ескеріп, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінен басқа, Санкт-Петербург, Омбы, Қазан және Астрахань қалаларындағы бас консулдықтар тиімді жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Екатеринбург қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу мәселесі талқылануда.

Қазақстанның Ресейдегі сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша одан әрі жұмыс Ресейдің барлық ірі қалалары мен аймақтарында құрылған "QazTrade" ССДО АҚ серіктестік желісі арқылы жалғастырылатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар