Freedom Inside '26

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады
gov.kz

Қазақстанның Энергетика министрлігі "Ресейге жанар-жағармай жеткізіледі" деген ақпаратқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, Ресей Үкіметінен автомобиль отынын сатып алуға қатысты ресми өтініш түссе, Қазақстан өзара тиімді коммерциялық шарттар негізінде жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын.

Министрлік мұнай өнімдерін экспорттау жөніндегі халықаралық келісімдер мен коммерциялық келісімшарттар тек елде жеткілікті бос ресурстық әлеует болған жағдайда жасалатынын атап өтті.

Сонымен қатар, министрлік Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармаймен толық әрі тұрақты қамтамасыз ету басты басымдық болып қала беретінін жеткізді. Экспорт азаматтар мен ел экономикасының қажеттілігіне қауіп төнбеген жағдайда ғана жүзеге асырылады.