Қазақстан қор нарығының көлемі 44,7 трлн теңгеге жетті

Қаракөз Амантай 07 сәу. 2026 17:24

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялар нарығының жалпы капитализациясы 44,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақпан айында бұл көрсеткіш 1,8 пайызға артқан. Өсім негізінен "ҚазМұнайГаз" акцияларының 8,5 пайызға және Халық банкінің 0,7 пайызға қымбаттауымен байланысты.

Сауда көлемі артты

Ақпан айында акциялармен сауда көлемі 24,4 млрд теңгеге жетіп, қаңтармен салыстырғанда 0,5 пайызға өскен. Өсім бойынша көш бастап тұрғандар қатарында "Эйр Астана", AltynGold және Банк ЦентрКредит акциялары бар.

Облигациялар нарығында серпін бар

Корпоративтік облигациялармен сауда көлемі бір айда 3,1 есеге артып, 356,6 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, KASE алаңында айналымдағы мемлекеттік борыш көлемі 2,8 пайызға өсіп, 32,9 трлн теңгеге жеткен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove