Қазақстан Қатар мен Оманнан 810 азаматын елге қайтарады

Көркем Алдабергенова 03 нау. 2026 12:16

Қазақстан Қатардан – 343, ал Оманнан 467 азаматын эвакуациялауды жоспарлап отыр. Бұл мақсатта Air Astana және SCAT әуе компаниялары алты ұшақты әзірлеген,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақауовтың мәліметінше, алғашқы рейс Оманнан тікелей ұшады. Екінші бағыт күрделірек: Қатардан қазақстандықтар алдымен Эр-Риядқа жеткізіліп, одан әрі автобуспен Жиддаға барады. Жиддадан олар Қазақстанға ұшақпен жеткізіледі.

Иранның әуе кеңістігі жабық болғандықтан, ол елден азаматтарды тек құрлық арқылы шығару мүмкін. Кеше Иранның Горган қаласынан шыққан 17 қазақстандық Түрікменстан шекарасынан өткен.

"Азаматтарымыз шекарадан аман-есен өтті. Қазір Қазақстанға жолда", – деді Әлібек Бақауов.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Иран аумағында Қазақстанның 84 азаматы жүр. Олардың ішінде екі студент, осы елде ұзақ уақыттан бері тұрып жатқан алты адам, 18 дипломат және Zakruh алтын өндіруші компаниясының 58 қызметкері бар. Туристер тіркелмеген
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove