Иранда 84 қазақстандық жүр — СІМ

Қаракөз Амантай 03 нау. 2026 09:44

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Иран аумағында Қазақстанның 84 азаматы жүр. Олардың ішінде екі студент, осы елде ұзақ уақыттан бері тұрып жатқан алты адам, 18 дипломат және Zakruh алтын өндіруші компаниясының 58 қызметкері бар. Туристер тіркелмеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әуе кеңістігінің жабылуына байланысты қазақстандықтарды Әзербайжан, Армения, Түркия немесе Түрікменстан арқылы құрлық жолымен эвакуациялау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Ал "Туристік Қамқор" қорының мәліметіне сәйкес, өңірдегі жағдайға байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қатарда және Сауд Арабиясында 4 мыңнан астам қазақстандық турист уақытша кідіріп тұр.

Қор өкілдері қазіргі таңда олардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенін хабарлады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove