Қазақстан Назарбаев кландарынан қалай тазарып жатыр?

Қаракөз Амантай 11 мау. 2024 18:28 55845

2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз "жаңа Қазақстанға" аяқ басқанын мәлімдеді. Бұл ұран өз кезегінде "Ескі Қазақстан" ұғымының тууына себепші болды.

"Ескі Қазақстан" ұғымы еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның билікке бас сұққан туыстарының есімімен тығыз байланысты. Ендеше экс-мемлекет басшысының қай туыстары көптің көзіне түсіп, басы дауға қалды? Бүгін осы төңіректе әңгіме қозғаймыз.

Гүлмира Сатыбалды

Қазір Алматыда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Оған адам ұралауға қатысты және озбырлық жасады деген айып тағылды. Нақтырақ айтсақ, ол туысы әрі кәсіпкер серіктесі Абай Жүнісовті 165 тәулікке қамап, қорқытып, түрлі компаниядағы акцияларын сенімді адамдарына берген. Келтірілген шығын 2,2 миллион долларға (1,4 миллиард теңге) бағаланды.

Еске салайық, 2023 жылы 4 мамырда Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот оған 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салды.

Сатыбалдыға мына баптар бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін айып тағылды:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабының 3-тармағы 3-тармағы ("Заңсыз бас бостандығынан айыру");
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("Бопсалау");
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігі ("Өзексіздік").

Қайрат Сатыбалдыұлы

Назарбаевтар әулетінен шыққан тағы бір белгілі тұлға – Қайрат Сатыбалдыұлы.

Қайрат Сатыбалдыұлы - 1981 жылы жол апатынан қайтыс болған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалдының ұлы. Forbes Kazakhstan мәліметі бойынша, Назарбаевтың билігі кезінде Қайраттың байлығы 163 миллион долларға бағаланып, елдегі ең ықпалды іскер адамдар тізімінде төбе көрсеткен.

Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстанның бұрынғы президентінің жиені қазақстандық "Қазақтелеком" телекоммуникациялық компаниясының 24 пайыздан астам акциясына иелік ететін Skyline Investment Company S.A. оффшорлық фирмасының жалғыз құрылтайшысы ретінде тіркелген. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеумен қатар, Астана қаласы әкімінің орынбасары болды, ұлттық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

2022 жылдың наурызында "Қазақтелеком" АҚ мен "Көлікке қызмет көрсету орталығы" АҚ-ның билігін асыра пайдаланып, ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған Сатыбалдыұлы сотқа дейін қамауда болды.

Сотта Сатыбалдыұлы зардап шеккен тараптармен медиациялық келісімге келіп, 40 миллиард теңге (89,5 миллион доллар) шығынды өтеп берді. Сонымен қатар процессуалдық процестік келісім жасасты.

2022 жылдың қыркүйегінде ол алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оның мүлкін тәркілеп, он жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды. Сатыбалдыұлын "Қазақстан ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры" атағынан, сондай-ақ "Құрмет" және "Парасат" мемлекеттік ордендерінен айыру туралы Қазақстан Президентіне ұсыныс жасалды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кеден төлеуден жалтару, қылмыстық кірісті заңдастыруға қатысты қылмыстық істерді тергеп жатыр деген ақпаратқа қарамастан, олардың ешқайсысы сотқа жолданған жоқ.

Самат Әбіш

Келесі шенеунік Сатыбалды Назарбаевтың кенже ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені – Самат Әбіш. Қазақ шенеуніктерінің арасында рулық байланыс мансап құру жолында айтарлықтай артықшылық береді. Осындай оңтайлы сәтті өз уақытында уысына түсіріп үлгерген Самат Әбішті де ерекше атап өтуге болады.

45 жастағы Самат Әбіш еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қатарында бастады. Қылмыстық сот жүйесінде төрт жыл қызмет еткеннен кейін ол ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары және ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты болып жалғастырды.

2022 жылы қаңтарда Қазақстандағы жаппай наразылықтардан кейін оның Назарбаевтың туысы ретінде ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейінірек бұл ақпарат расталмады, бірақ 2022 жылдың 17 қаңтарында Мемлекет басшысының өкімімен Самат Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Самат Әбіштің 8 жылға шартты жазамен сотталғаны жайлы ақпаратты мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи әлеуметтік желіде таратты.

Сот Самат Әбішті Қылмыстық кодекстегі "Қызметін асыра пайдалану" бабымен (362-баптың 4-тармағы) айыпты деп тауып, 10 жылға лауазымды қызмет атқару құқығынан айырып, 8 жылға бас бостандығынан айырған. Ал Қылмыстық кодекстің 63-бабымен ("Шартты түрде соттау") шартты жазаға

Болат Назарбаев

Ұзаққа созылған дерттен 70 жасында көз жұмған Қазақстаның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Әбішұлының басы үлкен даудан аман қалды.

Алайда 2022 жылдың 20 тамызында оның және бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен рейдерлік әрекетке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Мәліметтерге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу 17 маусымда басталған.

Айта кетейік, сол жылдың 14 шілдесінде Алматыда белгілі бизнес құрылымдарын басып алуға әрекеттенген рейдтік топтың жолы кесілді. Қаржы мониторингі агенттігінің (AFM) хабарлауынша, "шабуылдаушылар зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы және бопсалау арқылы елдегі танымал кәсіпкерлерді мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген.

21 шілдеде ұсталғандардың суреттері мен деректері жарияланып, осы іске қатысты Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жарияланды.

Ұсталғандар мен Елдос Қоспаев Болат Назарбаевпен байланысы бар, Елдос «Болат Назарбаевтың рейдерлік ісінің маманы" екені анықталды.

Осы тұста Болаттың ұлы Ербол Назарбаевты да атап өткен жөн. Осы жылдың ақпан айында Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары мен басқа да ықпалды адамдар тарапынан саяси және өзге де негіздер бойынша заңсыз қолдан жасалған қылмыстық істерді қарау жөніндегі комиссия құруды ұсынып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары лауазымды қызметкері Ербол Назарбаевты мысалға келтірді.

Ербол Назарбаев Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 2015 жылы келген. Қаңтар оқиғасынан кейін алты ай өткен соң, Антикордың өзі мәлімдегендей, ол отставкаға кетті.

Әнипа Назарбаева

Қыркүйекте тұңғыш президенттің туған қарындасы Әнипа Назарбаеваның есімі ел аузында жүрді. 2023 жылдың мамыр айының соңында Алматы іргесіндегі Назарбаевтардың туған жері Шамалғандағы Үшқоңыр су шаруашылығы колледжін мемлекет меншігіне қайтару бойынша сот отырысы өтті.

2022 жылы қыркүйекте Алматы облысының қаржы басқармасы "Әнипа Әбішқызы Назарбаеваға тиесілі" делінген "Әнипа" жеке кәсіпкерлікті сотқа берген. Ақпаратқа қарағанда, колледж осы компанияға сатып алу құқығымен бірге сенімді басқаруға берілген.

Осы жылдың сәуір айында Алматыда өткен "Ескі Қазақстанның құрбандары" қозғалысы өкілдерінің брифингінде Әнипа Назарбаеваның есімі тағы да аталды. Оған Алматыдағы "Кенжехан" базарын басып алды деген айып тағылды. Әнипа Назарбаеваның қызметінен шығынға батқан кәсіпкерлер базарды басып алудың мән-жайын егжей-тегжейлі тексеруді талап етті.

Әлия Назарбаева

"Ескі Қазақстан құрбандары" Назарбаевтың кенже қызы Әлияны рейдерлік шабуыл жасады деп айыптады.

Әлия Назарбаева "Оператор РОП" ЖШС үстінен қозғалған қылмыстық істен айналып өткені рас. Дегенмен мәжілісмен Ермұрат Бапи бастаған Қазақстан жұртшылығы оның қызметін тексеруге заң тұрғысынан әрекет етуін жалғастыра бермек.

Олардың бұл әрекетіне Батыс баспасөзі де дем берді. 2022 жылы британдық The Telegraph басылымы экс-президенттің кенже қызы Әлия Назарбаева Қазақстаннан 300 миллион доллар шығарып, 2006 жылы Лондонның Хайгейт ауданынан 8,75 миллион фунт стерлингке зәулім үй, Дубайдан – 14 миллион долларға баспана, 18 миллион фунт стерлингке Bomnardier Challenger ұшағын және Швейцариядағы CBH Bank-тің 51 пайыз үлесін 108 миллион долларға сатып алғанын жазған болатын.


Қайрат Боранбаев

Назарбаев кландарының арасында ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп, жеңіл жазаға ие болғандар да бар. Соның бірі – Назарбаевтың бұрынғы құдасы кәсіпкер Қайрат Боранбаев.

2022 жылдың наурыз айында ол "квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқырды" деген күдікпен ұсталды. Атап айтқанда, QazaqGaz ұлттық компаниясынан сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлаған.

Бір жылдан кейін, 2023 жылдың наурызында прокурор Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, сонымен қатар кәсіпкерді барлық мемлекеттік наградасынан айыруды, мүлкі мен қаражатын бұғаттауды талап етті. Сот прокурордың өтінішін толық қанағаттандырды. Бірақ бірнеше айдан кейін, қыркүйекте Астананың апелляциялық соты жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу жазасын алты жылға дейін қысқартты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне сүйенсек, Боранбаев мемлекетке қомақты активтерді, соның ішінде Астанадағы қонақ үй кешенін, фитнес-орталықтар желісін, мұнай өндіруші компанияны және Батыс Қазақстандағы мұнай кен орнын қайтарған. Сонымен қатар, оның "білім беру инфрақұрылымын қолдауға мемлекеттік қорына 30 миллиард теңге аударғаны" хабарланды.

Берік Имашев, Қайрат Шәріпбаев, Димаш Досанов

Жоғарыда есімдері аталған "Ескі Қазақстанның" көрнекті өкілдері басқаларға қарағанда ауыр жазадан оңай сытылып шықты.

15 Қаңтарда Назарбаевтың екі күйеу баласы – "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма төрағасы Димаш Досанов пен "ҚазТрансГаз"ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Досанов – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның, ал Шәріпбаев – аға қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды

Асқар Құлыбаев

Келесі Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы, экс-президенттің ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның қайын атасы және миллиардер Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев туралы болмақ.

Жақында Алматы прокурорының талап арызы бойынша Асқар Құлыбаевқа тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды. Бас прокуратураның мәліметінше қазір 87 жастағы Асқар Құлыбаев шетелдік инвестордың мүлкін 13 жыл бұрын заңсыз жолмен алып қойған. Құны - 66 млн АҚШ доллар. Ал аумағы 134 гектар болатын мұнай терминалы Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар