Ынтымақтастық шеңберінде Қостанай қаласындағы Allur зауытында Soueast автомобильдер өндірісі басталды, бұл Қазақстанда автомобиль индустриясын дамыту және жергіліктендіруді кеңейту үшін маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды Dalanews.kz
«Стратегиялық келісімге қол қою және Қостанайдағы Allur алаңында Soueast автомобиль өндірісін бастау дамудың жаңа сатысын ашады. Біз отбасы мен адам қажеттілігіне бағытталған кроссоверлердің заманауи бренд нарығына шығарамыз. Soueast автомобильдері технологиялар, қауіпсіздік пен қолайлылық үйлесімінің арқасында қазақстандық нарықта лайықты орынға ие болады деген сенімдеміз», - деп Allur компаниясында атап өтті.
Қол жеткізген келісімдерге сәйкес 2026 жылдан бастап Қазақстандағы Soueast ресми дистрибьютері бүкіл елде дилерлік желіні дамытумен айналысады. Келесі қалаларда дилер орталықтарын 2026 жылдың екінші тоқсанында ашу жоспарланып отыр: Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Тараз, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен және Атырау. Қазіргі таңда бренд стандарттарына сәйкес дилер кәсіпорындарын дайындау жүргізілуде.
Клиенттерге кроссоверлердің бірнеше үлгілерінен тұратын топтама қолжетімді болады. C-SUV сегментінде Soueast 06 және Soueast 07 үлгілері, ал D-SUV сегментінде - Soueast 09 үлгісі ұсынылған. Бұл автомобильдерде заманауи дизайн, технологиялық, қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі және бүкіл отбасының қолайлығы жинақталған.
Бренд туралы
Soueast – адамдарға және олардың өмір жолындағы таңдауына бағдарланған отбасылық және өршіл автомобильдік бренд. 1995 жылы негізі қаланған компания Қытайдағы алғашқы автомобиль кәсіпорындарының бірі болды.
2004 жылы компания өзінің ғаламдық бизнесін дамыта бастады. Халықаралық нарықта жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асады. Сатылымдардың жалпы көлемі:1,57 миллион бірлік.
Soueast үлгілер қатары
Бренд өмірдің түрлі сәттеріне бағдарланған, бірақ қолайлылық, сенімділік және пайдаланудағы жеңілдіктің ортақ философиясымен біріккен кроссоверлер топтамасын ұсынады.
Үлгілер SUV-C және D-SUV танымал сегменттеріне жатады – бұл қала жағдайында ептілік пен қала сыртына шыққандағы жайлылықтың жоғарғы деңгейін біріктіретін заманауи кроссоверлер. Мұндай пішім белсенді қала тұрғындары мен отбасы арасында ерекше қажет.
Автомобильдер таңдалған үлгіге және пайдалану сценарийлеріне байланысты қуаттың, динамиканың және жанармай тиімділігінің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ететін 1.6 және 2.0 заманауи турбиналық қозғалтқыштарымен жабдықталған.Топтама бір 5-орындық және екі 7-орындық үлгіден тұрады, бұл күнделікті қала өмірі мен толыққанды отбасы сапарларына дейін - өмір салтына және қажеттіліктерге байланысты автомобильді таңдауға мүмкіндік береді.
4WD толық жетекті жүйе кез келген ауа-райы жағдайында – жаңбыр, қар немесе қала сыртындағы бағыттар болса да, жолда сенімділікті арттырады. Автомобильдер бүкіл отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрақтылық пен бақылауды сақтайды.
8-сатылы автоматты берілістер қорабы жиі тоқтап, жеделдетіп жүруді талап ететін қала қарқынында ерекше маңызы бар қалыпты ауыстыру, ыңғайлы басқару және қуатты тиімді таратуға кепіл береді.
Брендті жайғастыру негізінде – артық қиындықсыз өмір үшін жасалған қалалық кроссовер. Автомобиль жұмыс, отбасы мен жеке уақыт арасындағы теңгерімді сақтауға көмектесетін қазіргі заманғы адамның қарқынына үйлесімді келіседі. Бұл жай ғана орын ауыстыру құралы емес, күнделікті өмірді жайлылыққа, мән-мағынаға және шабытқа толтырып, жеңілдететін құрал.
Брендтің үлгілер қатары үш өзекті бағытпен ұсынылған:
●
Soueast 06 - сән мен даралықты бағалайтын жастар қауымына бағытталған. Заманауи дизайн, өзекті пішіндер мен айқын сыртқы түрі автомобиль иесінің мінезін сипаттайды.
●
Soueast 07 – дұрыс таңдауда сенімділікті іздейтіндерге арналған әмбебап шешім. Автомобиль қала ортасында да, отбасы сапарларда да кеңістік, сенімділік пен қолайлылықтың оңтайлы үйлесімін ұсынып, бірдей жайлы болып табылады.
●
Soueast 09 – тыныштықты, мәртебе мен жақындарына деген қамқорлықты бағалайтындар үшін жасалған. Жайлылықтың, сыйымдылықтың және ойластырудың ең жоғарғы деңгейі отбасының өзекті қажеттіліктерін артық қиындықсыз жабуға мүмкіндік береді.
Осылайша, бренд автомобильді иеленудің жаңа философиясын қалыптастырады:
Soueast – адамды өмірдің түрлі сатысында жайлылық, технологиялар мен сенімділікті ұсына отырып, сүйемелдейтін отбасылық технологиялық бренд. Біз тарих орталығына автомобильді емес, адамды қоямыз. Әр адам – өз тарихының батыры. Ол шешімдер қабылдайды, бағыт таңдайды және өз отбасымен бірге алға жылжиды. Soueast автомобильдері дұрыс таңдау жасауға көмектесіп, алға қозғалысты жеңілдетіп, осы жолдың бір бөлігіне айналады.
