Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «NELSA» танкеріне ұшқышсыз ұшу аппаратынан шабуыл жасалған.
Салдарынан өрт шыққан, дегенмен ол жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілмеді. Қазіргі уақытта кеменің техникалық жай-күйі мен оқиғаның салдарына бағалау жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен тұрақты байланыста.