Халықаралық саясатта Сыртқы істер министрлігінің қысқа мәлімдемесімен немесеқұрғақ пресс-релизбен түсіндіру мүмкін емес шешімдер болады. Мұндай қадамдар тереңконтексті, өзара байланыстарды жан-жақты білуді және ең бастысы – ірі геосаясиүдерістердің логикасын түсінуді талап етеді.
Қазақстан Президентінің Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешімі дәл осындаймаңызды әрі күрделі қадамдардың қатарына жатады.
Қазақстан ТМД елдері арасында ғана емес, Еуропа, Латын Америкасы мен Африка құрлықтарында да бұл бастамаға қосылған жалғыз мемлекет атанды. Бұл – халықаралықтәжірибеде бұрын-соңды болмаған жағдай.
Президенттің өзі Ұлттық құрылтай отырысында атап өткендей, бұл оның жекеқабылдаған шешімі. Мұндай шешім салалық ведомстволардың немесе ел ішіндегі жақынкеңесшілердің ұсынымына қарамастан қабылданған болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, сыртқы саясатта маңызды қадамдар алдында одақтастармен және стратегиялықәріптестермен кеңесу қалыпты тәжірибе екенін ескерсек, бұл шешім бірқатар ықпалдыелдер басшыларының ұстанымына да қайшы келген болуы ықтимал.
Саяси психология тұрғысынан алғанда, бұл – сирек кездесетін жағдай. Жаһандықдеңгейде түсінбеушілік пен қарсылық басым кезеңде Израильді және Дональд Трамптыңбастамасын қолдау – үстем болып тұрған трендке қарсы шығумен тең еді.
Алайда әлемдік саясатта дәл осындай қадамдар көбіне ұзақмерзімді инвестицияғаайналады. Бұл – рейтинг пен қол шапалақтауға емес, мемлекеттің экономикасы, қауіпсіздігі мен халықаралық салмағына салынған инвестиция.
Әрбір саясаткердің өмірінде қоғамдық пікірге де, әлем елдерінің басым көпшілігініңұстанымына да сай келмейтін дара шешім қабылдауға тура келетін сәт болады.
Мұндай кезде тәуекел ең жоғары деңгейге жетеді: оңайлықпен авантюрист, дилетант немесе тіпті «есі ауысқан» деген атаққа іліну мүмкін. Сондықтан көптегенкөшбасшылар күту тактикасын таңдайды – сырттай бақылап, оқиғаның өрбуін аңдып, кейін жеңімпаз жаққа қосылып, өзін-өзі мадақтауға бағытталған насихатты бастап кету.
Орталық Азияда бұл мінез-құлық моделі жақсы қалыптасқан және, өкінішке қарай, кейде жеке басқа табыну культін қалыптастыру құралына айналып жатады.
Ал Авраам келісімдері – ерекше жағдай. Дональд Трамптың алғашқы президенттіккезеңінде ұсынылған бұл бастама ұзақ уақыт бойы кәсіби дипломатиялық ортада да кеңінен танымал бола қойған жоқ.
Бұл «модалы» немесе бірден түсінікті жоба болған жоқ. Осы тұста дүниетанымынүнемі кеңейтіп отыратын, жан-жақты білімге ие мемлекет басшысы мен кеңесшілерініңпікіріне толықтай тәуелді, мадақ пен жағымпаздыққа толы жайлы әлемде өмір сүретінжоғары лауазымды тұлғаның арасындағы айырмашылық айқын көрінеді.
Бұл айырмашылық халықаралық қатынастардың терең мәнін, оның өркениеттікодақтар, бірегейлік және ұзақмерзімді әлемдік тәртіп туралы іргелі түсініктергенегізделгенін білу деңгейінде жатыр.
Сондықтан да Президент өзінің соңғы сөзінде, бір қарағанда тым батыл көрінетіншешімінің логикасын түсіндіру үшін адамзаттың ең көне тарихына қысқаша болса да тоқталуды жөн санады. Ол өзі басқарып отырған мемлекетті әзірге құпиясы мол, бірақболашағы зор халықаралық қатынастар жүйесіне – Авраам (Ибраһим) келісімдері депаталатын жаңа форматқа алып келуді көздейтінін меңзеді.
Әлемдік саясат тарихы көрсеткендей, стратегиялық серпілістердің басым бөлігіқабылданған сәтінде оғаш әрі қауіпті болып көрінеді. Алайда дәл осындай шешімдерболашақты ондаған жылдарға алға айқындайды.
