Қазақстан ЕАЭО елдері ішінде жұмыссыздар саны бойынша бірінші орынға шықты

Көркем Алдабергенова 14 сәу. 2025 11:08 483

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер арасында ресми тіркелген жұмыссыздар саны бойынша бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz "Ордаға" сілтеп. 

2025 жылғы ақпандағы деректерге сәйкес:

ЕАЭО елдерінде жалпы 704,9 мың адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген.

Оның ішінде 333,1 мыңы — Қазақстанда, яғни жұмыссыздардың жартысына жуығы біздің елге тиесілі.

Қалған елдердегі көрсеткіштер:

Ресей – 283 мың

Қырғызстан – 48,4 мың

Армения – 37,1 мың

Беларусь – 3,3 мың

ЕЭК мәліметінше, 2024 жылдың басында Қазақстанда жұмыссыздар саны 306,1 мың болған. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш артып, 333,1 мың адамға жеткен — бұл 0,3% өсім.

Айта кету керек, қалған ЕАЭО елдерінде жұмыссыздық төмендеген, соның ішінде Ресейде де. Өткен жылы Ресей жұмыссыздар саны бойынша көш бастаған болатын — 406,3 мың адам, алайда биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай азайған.

Жалпы, одаққа мүше елдерде ресми жұмыссыздық деңгейі 14,8%-ға төмендеген. Бірақ бұл оң динамикаға Қазақстан кірмей отыр — елде керісінше, көрсеткіш өсіп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар