Қазақстан деректер орталықтарынан жылына 3,1 миллиард доллар табыс табуды көздеп отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Екібастұзда деректерді сақтау және өңдеуге арналған ірі кешен салынып жатыр. Қуаты 68 МВт болатын алғашқы орталықты 2027 жылы жазда іске қосу жоспарланған. Бір жыл ішінде жалпы қуаты 304 МВт болатын үш нысан пайдалануға беріледі.
Ал 2029 жылға қарай кешеннің жалпы қуатын 1 ГВт-қа жеткізу көзделіп отыр.
KPMG бағалауынша, жобаның экспорттық табысы жылына 3,1 миллиард долларға жетуі мүмкін. Ал 20 жылдағы инвестиция көлемі 115 миллиард долларға бағаланып отыр.