Қазақстан делегациясы Нью-Йорк қор биржасында ұлттық компаниялардың әлеуетін таныстырды

Қаракөз Амантай 20 қаз. 2025 12:13

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегация Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы сессиялары аясында Нью-Йорк қор биржасына (New York Stock Exchange, NYSE) барды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрліктің мәліметінше, сапар барысында Серік Жұманғарин NYSE-тің стратегиялық операциялар және корпоративтік қатынастар департаментінің басшысы Уилл Гудвинмен кездесті.

"Кездесу кезінде NYSE өкілдері Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын биржаға орналастыру мүмкіндігі мен ірі ұлттық компаниялардың IPO-ға шығу перспективалары жөніндегі сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді", – делінген министрліктің хабарламасында.

Сапар соңында қазақстандық делегация әлемнің ең ірі биржаларының бірі саналатын сауда алаңының жұмысымен танысты.

Айта кетейің, Нью-Йорк қор биржасы (NYSE) – әлемдегі ең ірі әрі ең көне қаржы алаңдарының бірі. Ол Нью-Йорктегі әйгілі Уолл-стрит көшесінде орналасқан және жаһандық қор нарығының басты символы саналады. Биржа Intercontinental Exchange (ICE) холдингінің құрамына кіреді және электрондық технология мен дәстүрлі «жанды» сауда форматтарын үйлестіретін заманауи сауда экожүйесі болып табылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар