Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында дижитал майнерлер мен майниңге керек электр энергиясын өндіретін электрстансаларына арналған көтерме бағасы 1 шілдеден бастап 75 пайызға көтеріледі. Соның өзінде сатып алуға ең қолайлы баға — батыс аймақтарда. Салыстырмалы түрде көп өспесе де, ең қымбат баға — Алматыда.
Енді қосымша құн салығын қоспағанда бір мың текше метрдің шекті бағасы Астанадағы тұтынушыларға 52 033 теңге болады. Былтыр 43 361 теңге болған еді. Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарындағы майнерлерге республика бойынша ең қымбат баға бекітілді — 63 905 теңге.
Көтерме бағада алуға ең қолайлы баға Атырау облысында (23 996 теңге), Ақтөбе облысында (34 333 теңге), Маңғыстау облысында (32 942 теңге), Батыс Қазақстан облысында 31 637 теңге. Ең арзаны Шығыс Қазақстан облысында — 10 891 теңге.
Баға барлық дерлік аймақта өсті. Бірақ ең көп өсім батыс аймақта болып отыр. Өйткені былтырғымен салыстырғанда Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында бірден 75 пайызға қымбаттайды. Маңғыстаудағы баға — 50 пайызға, Шығыс Қазақстанда 20 пайызға өседі.