Қазақстан астық экспортын 12,6 пайызға арттырды

Қазақстан астық экспортын 12,6 пайызға арттырды
gov.kz

2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен ұн экспорттаған. Бұл былтырмен салыстырғанда 12,6 пайызға көп. Былтыр осы кезеңде шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген болатын, деп хабарлайды dalanews.kz.

Экспорт көлемі өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жөнелтілген өнім көлемі артуы ықпал еткен.

Өзбекстанға экспорт 36 пайызға өсіп, 5,8 млн тоннаға, Қырғызстанға экспорт 35 пайызға өсіп, 528 мың тоннаға, Ауғанстанға 57 пайызға өсіп, 2,4 млн тоннаға, Түрікменстанға 32 пайызға өсіп, 220 мың тоннаға жеткен.

"Жүк тасымалы көлемі артуы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жоғары екенін көрсетеді", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері.