Қазақстан алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде көш бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
World Gold Council (WGC) деректеріне сәйкес, тамыз айында әлемнің орталық банктері жалпы көлемі 15 тонна алтын сатып алған. Соның ішінде ең ірі үлес Қазақстан Ұлттық банкіне тиесілі. Оның мөлшері 8 тоннаны құрайды.
Ал қалған көлем Өзбекстан, Түркия, Қытай, Чехия, Гана және Болгария сияқты мемлекеттердің әрқайсысы 2 тоннадан алтын сатып алған.
Жыл басынан бері еліміздің алтын-валюта қоры 32 тоннаға ұлғайып, жалпы көлемі 316 тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш Қазақстанның алтын қорын тұрақты түрде арттырып келе жатқанын және әлемдік нарықтағы сенімді ойыншы екенін көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан алтын өндіру бойынша 14-орында тұрғаны туралы жазған едік.
World Gold Council деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша әлемде 3,7 мың тонна алтын өндірілген, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға ғана артық көлем. Оның 10,4% немесе 380,2 тоннаны құрайтын Қытай алтын өндірісінде көш бастап тұр. Қазақстан болса, 14-ші орында.
Алтын өндірісі бойынша әлемдік ондық қатарына мыналар кіреді:
- Қытай (380,2 тонна),
- Ресей(330тонна),
- Австралия(284тонна),
- Канада (202,1 тонна),
- АҚШ(158тонна),
- Гана (140,6 тонна),
- Мексика(140,3тонна),
- Индонезия(140,1тонна),
- Перу (136,9 тонна),
- Өзбекстан (129,1 тонна).
World Gold Council ақпараты бойынша, өндіріс көлемі 87 тоннаны қамтитын Қазақстан 14-орында екен.
Бұл арада аталған ұйым алтын кендерінің немесе жартылай фабрикаттардың массасы емес, тазартылған алтынға мүмкіндігінше жақын, өңдеуден кейінгі металл туралы айтып отыр.
"Бір қызығы,ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес,2024 жылы Қазақстанда World Gold Council сарапшыларының пікіріне қарағанда тазартылған алтын айтарлықтай аз өндірілген: небәрі 72,1 тонна ( бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,5%-ға артық). ТМД мемлекеттері арасында өндірілген алтын көлемі бойынша Қазақстан үздік ондыққа енген Ресей мен Өзбекстанға жол беріп, 23,6 тонна бағалы металл шығарған Қырғызстанды басып озады. ТМД-ның басқа елдеріне 14,2 тонна тиесілі, бұл 2023 жылдағы көрсеткіштен 11,9%-ға недәуір аз.Қазақстан мен Қырғызстанда,World Gold Council мәліметтеріне сәйкес, алтын өндірісі де төмендеген: тиісінше 1,3% және 7,5%. Ресей мен Өзбекстанда,керісінше, өндіріс көлемі сәйкесінше 2,6%және7,9% өсті", - дейді мамандар.
Дегенмен, АҚШ Геологиялық қызметі Қазақстанды 130 тонна өндірген алтын көлемі бойынша үздік ондыққа енгізген. Жалпы, осы ведомствоның мәліметінше, әлемде 3,3 мың тонна алтын өндіріліп, Қытай (380 тонна), Ресей (310 тонна), Австралия (290 тонна), Канада (200 тонна) және АҚШ (160 тонна) алдына жан салмай келеді.
Сонымен қатар, Қазақстан сияқты 130 тоннадан алтын өндірген Мексика мен Гана да ешкімнен қалыс қалмауда. Өзбекстан да үздік ондыққа кірді, бұл реттегі көлем - 120 тонна.