Қазақстан 2026 жылы Оңтүстік Корея, Жапония және Түркияға ет экспорттайды

Қазақстан 2026 жылы Оңтүстік Корея, Жапония және Түркияға ет экспорттайды
Фото: gov.kz

Қазақстан биыл Оңтүстік Корея, Жапония және Түркия нарығына ет экспортын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылы Қазақстан 84 мың тонна ет экспорттаған. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 43 пайызға көп көрсеткіш.

Қазіргі таңда қазақстандық қой еті 14 елге, ал сиыр еті сегіз мемлекетке экспортталады. Вице-министрдің сөзінше, тасымал шығындарына қарамастан, Қазақстан еті шетел нарығында баға жағынан бәсекеге қабілетті болып отыр.

“Бұл бағытта біз ешқандай бәсекені байқап отырған жоқпыз”, – деді Аманғали Бердалин.