«Қазақша сөйлеңіздер!». Жетісудың жаңа әкімі шенділерге талап қойды

Dalanews 14 мау. 2022 07:05 1095

Әлеуметтік желіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың жұмысқа кірісер алдында жиналыста әкімдік қызметкерлеріне ескерту жасағаны туралы мәлімет тарап жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Онда облыс әкімі жергілікті шенеуніктерге мемлекеттік тілге құрметпен қарап, орысша емес, алдымен өз ана тілімізде сөйлеуді ескерткені жазылған.

Таяуда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Талдықорған қаласына барып, Жетісу облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысында ҚР Президентінің Жетісу облысының әкімі лауазымына Бейбіт Исабаев пен Бағдат Қарасаевтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берген болатын.


Ашық дауыс беру нәтижесіне 141 депутат қатысып, 106 депутат Бейбіт Исабаевтың кандидатурасына, 35 депутат Бағдат Қарасаевқа дауыс берген болатын. Осылайша басым дауысқа ие болған Бейбіт Исабаев Жетісу облысы әкім қызметіне кіріскен-ді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар