Қазақмыс пен Қытайдың ENFI инженерлік корпорациясы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Қазақмыс пен Қытайдың ENFI инженерлік корпорациясы ынтымақтастықтың болашағын талқылады
KAZAKHMYS

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі бастаған делегация Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барып, Қытайдың ENFI инженерлік корпорациясының басшылығымен келіссөз жүргізді. Қабылдаушы тараптың делегациясын ENFI Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Чэн басқарды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап, тау-кен металлургия саласындағы жобаларды іске асыру тәсілдері бойынша пікір алмасты. Технологиялық шешімдерге, инженерлік құзыреттерге, өндіріс тиімділігін арттыруға, цифрландыруға және заманауи экологиялық технологияларға ерекше назар аударылды.

Анықтама үшін: China Minmetals Corporation құрамына кіретін Қытайдың ENFI инженерлік корпорациясы 1953 жылы құрылған. Ол тау-кен металлургия саласындағы инженерлік жобалау және жобаларды іске асыру бағыттарына маманданған. Компания 70 жылдан астам қызметінде  әлемнің 60-тан астам елі мен өңірінде 12 мыңнан астам жобаны жүзеге асырған. ENFI компаниясының табысты жобаларының қатарында жалпы өндірістік қуаты жылына 5 млн тоннадан асатын 40-тан астам мыс балқыту зауыты, жалпы қуаты жылына 6 млн тоннадан асатын 30-дан астам мырыш зауыты, жалпы қуаты жылына 4 млн тоннадан асатын 50-ден астам қорғасын зауыты, сондай-ақ жалпы қуаты жылына 500 мың тоннадан асатын 10-нан астам никель зауытының құрылысы бар. Компания сирек жер металдарын және өндірістік қалдықтарды өңдеу саласында да көптеген жобаларды жүзеге асырған.