Қарағанды облысындағы «Абыз» алтын-полиметалл кен орнында терең қабаттарды егжей-тегжейлі зерттеуге және минералдық-шикізат қорын одан әрі толықтыру мүмкіндігін бағалауға бағытталған геологиялық барлау жұмысы жүргізілуде. Кен орны «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Qaragayly Tau-ken ondirisi» филиалының құрамына кіреді және 2005 жылдан бері игеріліп келеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 5 100 метр болатын алты іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылау көзделген. Жұмыс бұрын анықталған геофизикалық және геохимиялық аномалияларды тексеру және кен орнының терең қабаттарының болашағын зерттеу мақсатында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 1 400 қума метрден астам аумақ зерттелді.

Бұрғылау барысында алынған кернге кешенді геологиялық зерттеу жүргізіледі. Зерттеу нәтижесі мамандарға кен орнының терең қабатындағы үшөлшемді геологиялық моделін нақтылауға, болашағы бар учаскелерді анықтауға және кеніштің минералдық-шикізат қорын одан әрі ұлғайту мүмкіндіктерін бағалауға жол ашады.

Минералдық-шикізат қорын дамыту – «Қазақмыс» Тобының стратегиялық бағыттарының бірі. 2026 жылы компания геологиялық барлау жұмысын қаржыландыру көлемін арттырды және өзіне қатысы бар өңірлердегі болашағы бар учаскелерде бұрғылау жұмысын ұлғайтып келеді. Геологиялық барлау жұмысы қолданыстағы кен орындарын жан-жақты зерттеуге және жаңа кен денелерін іздеуге, сондай-ақ терең қабаттардың әлеуетін бағалауға бағытталған.

«Абыз» кен орнында жүргізілген жұмыстың нәтижесі оның ресурстық әлеуетін бағалауға және кенішті дамытудың перспективалы бағыттары бойынша шешім қабылдауға негіз болады.