QazaqGaz, катарлық Power International Holding және North Caspian Operating Company бірлескен жобалардың барысын талқылады

Сағыныш Сардарова 30 мам. 2024 15:27 2041

Астана – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «UCC Holding» («Power International Holding» еншілес ұйымы) басшылығымен бірлескен жобалар бойынша кезекті жиналыс өткізді.

Тараптар Қашаған кен орнындағы қуаты жылына 2,5 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауыты жобасын жүзеге асыру, сонымен қатар, қуаты жылына 1 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауытының құрылыс барысын талқылады.

Кездесу соңында тараптар жоғарыда аталған жобалар бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға келісті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар