QazaqGaz бен Газпром Қазақстан арқылы табиғи газ тасымалдайды. Тараптар келісімшарт жасасты.
Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында «QazaqGaz ҰҚ» АҚ Басқарма басшысы Санжар Жаркешов пен «Газпром» ЖАҚ Алексей Миллер ресейлік табиғи газды Өзбекстан мен Қырғызстанға Қазақстан арқылы тасымалдау туралы келісімшартқа қол қойды. Арадағы келісімшарт 15 жыл мерзімге жасалды. Демек, 2040 жылға дейін.
«Аталған жобалар Қазақстанның газ тасымалы жүйесінің транзиттік потенциалын кеңейтіп, республиканың газ саласы үшін экономикалық тұрғыда тиімді болады. Сонымен бірге аймақтық энергетикалық қауіпсіздіктің нығаюына да үлес қосады» делінген QazaqGaz хабарламасында.