Freedom Inside '26

"Қазақ хандығы қашан құрылды?" Қазақстан Халық партиясының жаңа төрағасының ұлының жауабы жұрттың ашуына тиді

"Қазақ хандығы қашан құрылды?" Қазақстан Халық партиясының жаңа төрағасының ұлының жауабы жұрттың ашуына тиді
видео кадры

Әлеуметтік желіде Қазақстан Халық партиясының жаңадан сайланған төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың ұлы, блогер Ибрагим Шоқановтың видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Түсірілім кезінде көрермендердің бірі 16 жастағы TikTok блогерінен "Қазақ хандығы қашан құрылды?" деп сұраған.

Блогер "Бізде Қазақстан тарихын оқытпайды. Бізде ағылшын мектебі" деп жауап берген.

Бұл жауап студиядағы көрерменнің таңданысын туғызған. Көпшілік бұл сұрақ Қазақстан мектептерінде оқытылатын негізгі тақырыптардың бірі екенін айтқан.

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жасөспірім Қазақстан тарихын білмегені үшін сынға ұшыраған. Сондай-ақ, "мектепте бұл пән оқытылмайды" деген сөзі де пікірталасқа себеп болған.

Желі қолданушылары Ибрагим Шоқанов Қазақстан Халық партиясының жаңа төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың ұлы екенін де еске салды.

Әзірге Нұрсұлтан Шоқанов та, Ибрагим Шоқанов та желіде тараған видеоға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, жуырда Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағалығынан кетіп, орнына 40 жастағы Нұрсұлтан Шоқанов сайланды.