Freedom Inside '26

"Қазақ хандығы қашан құрылды?" Нұрсұлтан Шоқанов ұлының даулы жауабына қатысты пікір білдірді

"Қазақ хандығы қашан құрылды?" Нұрсұлтан Шоқанов ұлының даулы жауабына қатысты пікір білдірді
видео кадры

Қазақстан халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов әлеуметтік желіде қызу талқыланған ұлы Ибрагим Шоқановтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның сөзінше, ұлы өз қатесін түсініп, мойындаған.

"Оның жауабын естігенде өзіміз де таңғалдық. Айтқаны дұрыс емес. Өз қатесін мойындады. Ұлым оқитын мектепте Қазақстан тарихы пәні бар. Ол блогер болғандықтан, лайк пен қаралым жинауды көздеген шығар", - деді Нұрсұлтан Шоқанов.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде 16 жастағы TikTok блогер Ибрагим Шоқановтың видеосы қызу талқыға түсті. Шоу барысында көрермендердің бірі одан "Қазақ хандығы қашан құрылды?" деп сұрағанда, блогер "Бізде Қазақстан тарихы пәні жоқ, біз ағылшын мектебінде оқимыз" деп жауап берген. Бұл жауап желі қолданушыларының ашуына тиген.