Қазақ спортының қара нары еді...

Dalanews 29 мау. 2020 15:11 1876

Орны толмас ауыр қаза қазақ спорты мен біздің отбасымызды ойсыратып кетті. 28 маусым күні әулетіміздің тірегі, адал жар, сүйікті әке болған бәйтерегіміз, қазақ спортының меценаттарының бірі, әйгілі палуан, елжанды нартұлға Самат Әділханұлы Рамазанов кенеттен қайтыс болды.

Самбодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы, КСРО құрамасының мүшесі, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, сумодан Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақша күрестен  абсолютті чемпион, Абайдың 150 жылдық тойында түйе палуан атанып, егемен еліне мінсіз қызмет еткен спорт қайраткерінің даңқты өмір жолы ғибрат пен қайсарлыққа толы.

Ол тек жақын адамдарына ғана емес, көптеген алаш азаматтарына көмек қолын созып, қамқор болған жайсаң аға, тәлімгер ұстаз болды. Артында ұрпағы мен оның жүрегінің жылуын сезінген ізгі жандар барда Самат Әділханұлы Рамазановтың есімі мен ізгі амалдары  ұмытылмайды.

Бақұл бол бауырым, сабаз азаматым, жаның жанатта, рухың пейіште шалқысын. Жарқын бейнеңіз жүректен мәңгі өшпейді.

Бір топ туыстары, тілектес достары

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар