Бағдарламалық мақалада «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биікқоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген болатын.
Осы бағытта Нұрлан Жанай «Қазақ жастары қандай болу керек» атты тақырыпта ойын бөлісіп, әлеуметтік желіде қолды бос өткізбей, Елбасының білімді дамытудағы сөздерімен компьютерлік IT технологиясын жоғары дәрежеде меңгеріп, тілді дамыту, соның ішінде ағылшын тілін меңгеру қаншалықты қажет екенін жан-жақты түсіндірсе, Мәулен Жанболат әлемнің озық елдерімен салыстарғанда біздегі жастардың кітап оқу пайызының төмендігі мен кітап оқудың жан-жақты пайдасын айтып өтті.