Қазақ фильмдері еуропа елдеріне жол тартпақ

Dalanews 06 там. 2024 10:07 2609

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев француз қазақ киносы бірлестігінің президенті, Өскемен қаласының тумасы Андрей Ивановпен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.Kz     ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бірлестік Еуропа елдерінде қазақ фильмдерін аудару және насихаттаумен айналысады.    Кездесу барысында мәдениет пен туризмнің тұрақты даму мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар өңірде креативті индустрияларды дамыту орталығының жұмыс бағыттарын талқылады.  

  - Мен кино өндірісін дамытуға және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты орнатуға үлес қосқым келеді, - деді Андрей Иванов.   

 
Өңір басшысы Шығыс Қазақстанның киноиндустриясын дамыту жөніндегі бірқатар ұсыныстарды қолдап, өңірдің көркем табиғаты жылдың қай мезгілінде де кино түсіргенге лайық екенің атап өтті.   

Еске сала кетейік, биылғы жылдың сәуір айында Өскеменде алғаш рет француз кинофестивалі өтіп, онда облыс тұрғындары мен қонақтарына орысша субтитрлері бар түрлі француз фильмдері көрсетілді. Сол шара арқылы көрермендерді француз тілі, мәдениеті, тұрмысы және киноларымен таныстырған.     Шығармашылық адамдар үшін кино өзін-өзі көрсетудің ең маңызды заманауи нысандарының бірі болып табылады. Өңірде ұлттық мәдениетке қызығушылық танытып қана қоймай, түрлі елдердің шығармашылығына құштар кино сүйер қауым жылдан жылға артып келеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар