Qazaq Expert Club бірінші легіне қатысуға шақырады

Асель Қайратқызы 21 қаз. 2025 09:59

Эксперттерді даярлау және сүйемелдеу бағдарламасының алғашқы легіне өтінім қабылдау ашық деп хабарлайды Dalanews.kz

 БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Qazaq Expert Club Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, PaperLab және TEDxAstana қолдауымен жаңа бағдарламаны іске қосады. Бағдарлама қоғамдағы жаңа ой көшбасшыларын тәрбиелеуге және ұзақ мерзімді медиакарьераны дамытуға бағытталған. 5 апталық интенсив барысында қатысушылар өздерінің медиа саласындағы орнын анықтап, шешім қабылдайтын тұлғалармен тұрақты байланыс орнатып, кәсіби ықпалын арттырады.

 БҰЛ НЕСІМЕН МАҢЫЗДЫ?

Біздің әлеуметтік миссиямыз - нақты дәлелдерге негізделген шешім қабылдау мәдениетін (evidence-based decision-making) дамыту. Qazaq Expert Club дезинформациямен күресіп, қоғамда сенімді сараптамалық пікір қалыптастыруды көздейді. Біз үшін білім мен сараптаманың монополиясы болмауы тиіс. Сапалы сараптама - қарапайым азаматтан бастап мемлекеттік құрылымдарға дейін баршаға қолжетімді болуы керек.

 БАҒДАРЛАМА КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН?

  • Медиа кеңістігінде өз күшін сынап көрген, сараптамалық блогтар жүргізіп, жаңа аудитория іздейтіндерге;
  • Өзінің қоғамдық сараптамасын табыс көзіне айналдыруға немесе оны қоғамдық-саяси ықпалға конвертациялауға дайын адамдарға;
  • Тек кең аудиториямен ғана емес, сонымен қатар decision makers — мемлекеттік органдармен, бизнес және ҮЕҰ өкілдерімен жұмыс істеуді көздейтін мамандарға;
  • Өз брендімен жүйелі түрде жұмыс істеуге және кәсіби қолдауға дайын сарапшыларға арналған.

 БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

  • 2025 жылдың қараша–желтоқсан айларында Алматы қаласында сенбі күндері өтетін 5 офлайн-интенсив (бағдарлама жол және тұру шығындарын өтемейді);
  • Ұзақ мерзімді жеке ілгерілету жоспарлары;
  • Ең үздік 5 қатысушыға Qazaq Expert Club продюсерлік орталығымен келісімшартқа отырады;
  • Жүйелі медиасүйемелдеу және сараптамалық пікірлерге қолдау;
  • Мемлекеттік құрылымдармен және бизнес өкілдерімен серіктестік орнату мүмкіндіктері;
  • Мемлекеттік органдар жанындағы сараптамалық кеңестермен жұмыс;
  • Шешім қабылдайтын тұлғалармен және кәсіби алаңдармен тұрақты нетворкинг;
  • Қатысушыларды коммуникациялық сүйемелдеу.
  • Жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

 КІМДІ ІЗДЕЙМІЗ?

Экономика және қаржы, құқық және мемлекеттік басқару, экология және климаттың өзгеруі, урбанистика және аумақтық даму, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар салаларында магистр деңгейінен төмен емес академиялық білімі және/немесе нақты тәжірибесі бар мамандар.

 ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

  • Өтінім қабылдау: 15 қазаннан бастап
  • Сұхбат кезеңі: сәтті кандидаттармен сұхбат (мерзімі қосымша хабарланады)
  • Нәтижелер: 1 қарашаға дейін жарияланады

 БАҒДАРЛАМА ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

Бағдарламаға қызығушылық танытқан үміткерлер үшін арнайы таныстырылым өтеді. Онда біз жоба миссиясын, оқу модульдерінің мазмұнын, іріктеу критерийлерін және оқу аяқталғаннан кейінгі продюсерлік қолдау форматын таныстырамыз. Бұл сізге бағдарламаға қатысу туралы саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Өтінімді төмендегі сілтеме немесе біздің сайт арқылы беруге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdXP9-iLQQ4pcodt1Krl6jEechwp0P9lLLR2AhMR98gO60P2w/viewform?usp=header

Telegram: t.me/qazaqexpertclub

Instagram: @qazaqexpertclub

Барлық сұрақтар бойынша мына электронды поштаға жазсаңыз болады: qazaqexpertclub@gmail.com  

 

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар