Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауында болған компанияға қатысты тың дерек шықты

Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауында болған компанияға қатысты тың дерек шықты
600-ден астам кірме теміржолы қаңтар оқиғасына дейін Қайрат Сатыбалдының бақылауында болған «Көліктік сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының сенімгерлік басқаруына берілді, - деп хабарлайды Dalanew...

600-ден астам кірме теміржолы қаңтар оқиғасына дейін Қайрат Сатыбалдының бақылауында болған «Көліктік сервис орталығы» Акционерлік Қоғамының сенімгерлік басқаруына берілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, кірме жолдарды техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес оларды жөндеп, қалыпқа келтіру жоспары бекітілді. Қалыпқа келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Мәселен, шамамен 22 мың шпал, 42 мыңнан астам теміржол төсемі мен 3 мыңға жуық брус және басқа материалдар ауыстырылды. Бұдан басқа, «TUVRheinland» халықаралық компаниясымен жасалған шартқа сәйкес «КСО» АҚ сапа менеджменті, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі жүйелері бойынша алғаш рет сертификатталды.«КСО» АҚ акцияларының жүз пайыздық пакеті республикалық мемлекеттік меншікте", - делінген министрліктің хабарламасында.

Бұл компания жылжымалы құрамның өтуі, маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, сондай-ақ жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолдарды ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді.