Қайрат Нұртастың әкесі шоу-бизнеске бет бұрды

Dalanews 12 сәу. 2017 00:48 864

Бір тойда кемінде 10 000 доллар алатын Қайрат Нұртастың әкесі де әншілікке бет бұрды. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, оның тойдағы гонорары 1000 доллардан кем емес екені КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

Бүгінде Қайраттың анасы жастайынан әнші болуды армандаған Нұртастың өзін жұлдыз етпек. Қанша қарсыласып, ұлымен жағаласқысы келмесе де, ол күйеуін ақыры сахнаға шығуға көндіргенін айтады.

– Нағыз дер кезінде, өлең айтатын кезінде ата-анасы бала-шағаң бар деп қарсы болды. Даусың көп әншілерден артық, сахнаға шық деген кезде өзі бас тартып, "сені жақсы көремін, балаларды жақсы көремін, әнші болсам гастрольдетіп жүру керек, ішіп кетуім мүмкін" деп шықпаған еді, – дейді ол.

– Бастапқыда баласымен жарысып ән айтты деп ел қайта-қайта мазалады. Ол соны естіп, көңілі түсіп, сахнаға шыққысы келмеген. Оған мен қоймадым, қасында болған соң ән айтқанды қаншалықты жақсы көретінін білемін. Қайрат өз денгейінде шығып, танылды, – деді Гүлзира Айдарбекова.

Жуырда Қайраттың анасы мен әкесі тағы да бейнебаян түсіріп, елді қуантпақ.

 

Дереккөзі: NUR.KZ

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар