Қай уақытта оқып, қай уақытта жұмыс істеген

Dalanews 03 мам. 2018 08:49 681

Өткен аптаның ортасында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дана Бейсенқызы Жүнісова Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. Түсінгеніміздей, 33 жасқа енді ғана толған шенеунік еңбек жолын мектепті бітіре салысымен бастапты. Бұл туралы sn.kz хабарлады.



Иә, қазір жап-жас мамандардың басшылыққа тағайындалуы жаңалық емес. Тек әлеуметтік желі қолданушылары Дана Жүнісованың ЖОО оқымай жатып қалайша "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қызметке орналасып алғанын түсіне алмапты.
Қарауыл болу үшін де диплом мен еңбек өтілін талап ететін бүгінгі заманда вундеркинд боп тумасаң расымен де мектептен кейін дереу жұмысқа орналасу қиынның қиыны, ал, ұлттық компанияларға тіпті мүмкін де емес шығар...

Түсінікті болу үшін айта кетейік, Дана Жүнісова 1985 жылы туған. Еңбек жолын 2003 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясынан бастапты. Яғни, 18 жасында жұмысқа орналасқан. Әдетте Қазақстан азаматтары бұл жаста мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп жатады.

Ал, Дана Бейсенқызы оқуға түсіп, ұлттық компаниядағы жұмысын қатар алып жүрген көрінеді. Өйткені, ол ЖОО-ны 2006 жылы бітірген. Сонда ол оқуға бармай жұмыс істеген бе, әлде оқуын оқып, қызметін қашықтықтан атқарып келген бе, ол жағы белгісіз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар