Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Кәмшат Тілеухан 29 шіл. 2025 14:42

Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Айта кетсек, кеше түнде Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Анкара қаласының "Есенбоға" әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның өзі арнайы қарсы алған болатын. Сондай-ақ саясаттанушы Асхат Қасенғли Мемлекет басшысының Анкараға сапарына қатысты пікір білдірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар