Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай астанасы Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өткен әскери парадты тамашалады,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Шара Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Әскери шеруге Қытай қарулы күштерінің түрлі бөлімдері қатысты.
Парадты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ашып, сөз сөйледі. Ол халықтардың ортақ жеңісінің тарихи маңызын атап өтіп, бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтау қажеттігін жеткізді.
Қазақстан Президентінің Бейжіңге сапары Қытай басшылығының шақыруымен жүзеге асты. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі әскери шеруден кадрлар жариялады.