Қашпақ болып ұсталған экс-министрдің қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Сағыныш Сардарова 30 қаң. 2024 09:58 1959


Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты күзетпен ұстау мерзімі тағы ұзарды. Бұл туралы Астана соты өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.



Астана соты баспасөз қызметі мәліметінше, қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 ақпанға дейін ұзартқан.



Экс-шенеунікті былтыр қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған еді. Ал желтоқсанда оны күзетпен ұстау мерзімі 21 қаңтарға дейін ұзарды. Бұл жолы тағы да ұзарып отыр.


Бұған дейін бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Марат Бекетаев Қазақстаннан қашпақ болған сәтінде ұсталғанын айтқан еді. Ал Антикордың мәліметінше, Бекетаев үлестес компаниялардың мүддесін қорғаған.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар