"Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын", делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Қарин соның алдында ғана телеграм-арнасында жазба қалдырып, Президент Тоқаев кадрларды іріктеуде жаңа тәсілдерді қолдана отырып, мемлекеттік қызметке жаңа менеджерлерді белсенді тартуды құп көретінін айтқан.
- Міне, кеше ғана Президенттің кадрлар резервінің өкілі болып табылатын Айбек Сәттібаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Сонымен қатар, Кеше Ұлттық сенім қоғамдық кеңесінің мүшесі Шыңғыс Мұқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
Шыңғыс Мұқан Ұлттық кеңестен мемлекеттік қызметке қабылданған алғашқы мүшесі болып табылмайды.
Бұған дейін Бағдат Мусин осы кеңес қатарынан мемлекеттік лауазымға тартылған, ол алдымен Президенттің кеңесшісі болды және қазіргі уақытта ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясы министрі міндетін уақытша атқарушы болып табылады; Берік Әбдіғалиұлы 2019 жылдың қазан айында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалды; Максим Споткай жақында ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары болды, - деп жазды Ерлан Карин.