Кездесуде Кеңесбек Сейдімбек велосипед жүргізу денсаулыққа пайдалы екенін, қалалар мен мемлекетерді аралау барысында дүниетанымы кеңейгенін атап өтті.
Мазмұнды кездесуде Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Веломарафоншыға аудан әкімі Бағлан Баршаевтың «Алғыс хаты» табысталып, құрмет көрсетілді.
Жиын соңында қарт жиһангез 65 жыл бойы жанына серік еткен велосипедін Қажымұқан музейіне өткізді.
Сондай-ақ музейдің пікір кітабына естелік тілектерін қалдырды. Айта кетерлігі, қорға өткізілген велосипедпен спортшы бұған дейін қасиетті Мекке мен Мәдинаға, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне барған. Енді бұл велосипед құнды жәдігер ретінде жұртшылық назарына ұсынылатын болды.