Қаржаубайға жала жапқан блогерге тағы бір үкім шықты

Сағыныш Сардарова 04 қыр. 2025 11:59

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа жала жапты деген айып тағылған Бауыржан Абдрахмановқа қатысты тағы бір үкім шықты. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сүйенсек, Бауыржан Абдрахманов әлеуметтік желіде "Шерзат Қаржаубай ұстап жүрген пышақтан мерт болды" деген мәлімдеме жасаған.

"Докторға қатысты тағы бір сот шешімі шықты. Бұл жеңістің дәмі бөлек. Қаржаубайға жала жауып 20 тәулікке қамалған "Доктор" бостандыққа шыққаннан соң тағы бір сот шешімін орындауға міндеттелді.
Шерзаттың отбасын тоқтаусыз қаралаған "Доктор" жариялы түрде Қаржаубайдан кешірім сұрауға міндеттелді", - деді адвокат.

Сонымен қатар, ол 400 000 теңге моральдық шығын және 500 000 теңге өкілдік қызмет ретінде ақша төлеуге міндеттелген.

Айта кетейік, бұған дейін ол Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймованы суицидке итермеледі күдікпен қамауға алынған болатын. Сот шешімімен блогер биыл 2 сәуірде 20 тәулікке қамауға алынған еді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар