Жыл басынан бері полиция іздеуде жүрген 1 231 күдіктіні ұстады. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен 20 110 азаматтың жүрген жерін анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
22 қарашада Санкт-Петербург қаласында 1997 жылы Орал қаласында қарулы қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген Қазақстанның 62 жастағы азаматы ұсталды.
Қолда бар дерекке сәйкес ер адам сотталған сыбайласымен бірге тұрғын үйге кіріп, күш қолдану арқылы жәбірленушінің мүлкін иемденген.
"Сонымен қатар, 20 қарашада Ташкент қаласында Қарағандыда қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 2025 жылғы қазаннан бері іздеуде жүрген Қазақстанның 40 жастағы азаматы ұсталды. Келтірілген залал - 4 млн 350 мың теңге" - деді ІІМ криминалдық Полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал.