Қарағандыда полиция TikTok-тағы заңға қайшы әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері интернетте жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісінде 56 жастағы стримердің қоғамда теріс пікір қалыптастыратын және заң талаптарына қайшы әрекетін анықтады.
"Қарағанды қаласының тұрғыны Еркен Жантықпаев TikTok желісіндегі белсенділігімен танымал. Ол әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы мазмұндағы бейнематериалдар жариялаған. Бұл дерек бойынша тиісті шаралар қабылданды. Сот қаулысымен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалды", - деді ІІМ өкілдері.
Қазір Еркен Жантыкпаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Сонымен қатар, полиция оны әлі де бақылайды.
Ол ескерту талаптарын қайта бұзған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.