Қарағандыда сот 16 жастағы жасөспірімнің өліміне байланысты үш медициналық мекемені марқұмның анасына 5 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жасөспірім дене қызуы жоғарылап, әлсіздік байқалған соң балалар ауруханасына түскен. Алайда ауыр симптомдарға қарамастан, дәрігерлер оны тек күндізгі стационарға жатқызып, қан талдаусыз ем тағайындаған. Кейін науқастың жағдайы нашарлаған кезде шұғыл консилиум ұйымдастырылмаған әрі арнайы мамандандырылған мекемеге жіберілмеген.
Бір ай өткен соң жасөспірім көз жұмған. Тексеру нәтижесінде медициналық қызмет көрсету кезінде өрескел бұзушылықтар анықталып, сот үш аурухананы жауапты деп танып, моральдық зиян үшін өтемақы төлеуге міндеттеді.
