Қарағандыда балабақшада өрт болып, 82 бала эвакуацияланды

Кәмшат Тілеухан 16 қаң. 2025 13:53 204

Қарағанды қаласында бүгін жеке меншік балабақшалардың бірі өртеніп,88 адам, оның ішінде 82 бала эвакуацияланды. Оқиға орнына балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, балабақша жертөлесінде 1 шаршы метр алаңда заттар мен электр қалқанының автоматы өртенген.

"Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт жедел сөндірілді. ТЖМ күштері түтін ораған ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы тез арада эвакуациялады. Оқиға орнында балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады. Өрттің шығу себебі анықталуда", деп хабарлайды төтеншеліктер.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Айта кетсек, күні кеше Қостанай облысында өрт кезінде бес баласынан айырылған қаралы ана сот үкімі шықты. Жітіқара аудандық соты балаларын қараусыз қалдырған анаға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ҚР ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баласының болуына байланысты жазаны орындауды кейінге қалдырды. Оқыс оқиға 2024 жылы 11 қазанда өрт пен үйдің шатырының опырылуы салдарынан болған. Үйде қараусыз алты баланың бесеуі опат болды. Ал анасы балаларды қараусыз қалдырып, құрбысының үйіне кеткені белгілі болды. Марқұм балалардың әкесі түрмеде отыр.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар