Қарағандыда әйелге бағана құлап, ауруханада көз жұмды

Ақтоты Жапатова 21 нау. 2026 17:20

Қарағанды қаласының 22-шағынауданында қайғылы оқиға орын алды: 59 жастағы әйелге жарық бағанасы құлап, ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел жолдан өтпек болған сәтте жарықтандыру тірегі кенеттен құлаған. Ауыр жарақат алған тұрғын шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Болжам бойынша, оқиғаға арнайы техника себеп болуы мүмкін. Қоқыс алаңында кері бұрылған жүк көлігі кабельді іліп кетіп, соның салдарынан бағана құлаған. Алайда жүргізуші жұмыс істейтін компания оның кінәсін жоққа шығарып отыр.

Аталған дерек бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove