Астанада аулада көлік кішкентай баланы жаншып өтті

Астанада аулада көлік кішкентай баланы жаншып өтті
Qumash

Астанадағы аулалардың бірінде қайғылы оқиға болды, салдарынан кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша 1 жас 8 айлық сәбиді көлік қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. ІІМ өкілдері ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажет екенін еске салды.

"Kia Seltos көлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.