Қарағанды және Қостанай облыстарының кәсіпорындары су тасқынынан зардап шеккендерге 500 миллион теңге аударды

Қаракөз Амантай 01 сәу. 2024 17:46 2083

Allur,  QazTehna және Qarmet компаниялары "Демеу Қазақстан" корпоративтік қорына қаражат аударды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Табиғи апаттар бізге бірлік пен ынтымақтастықты бағалап, өзара қолдау білдіруге шақырады. Көптеген отандасымыз тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі су тасқынының бел ортасында қалды. Күшімізді біріктіру арқылы біз бұл кезеңді міндетті түрде еңсеріп шығамыз", - деді "QazTehna" ЖШС бас директоры Арғұлан Майқонов.

Сонымен қатар Allur зауытының директорының орынбасары Ерлан Төлетаев та төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді. 

"Осындай ауқымды табиғи апаттарға келгенде ешкім шетте қалмауы керек. Соның ішінде біздің кәсіпорынды да атап өткім келеді. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен әрбір қазақстандыққа тиісті көмек көрсетілу қажет", - деді ол. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар