Қар үстіндегі қара жорға: шахматтан ӘМ-2025 қатысушылары Шымбұлақта қазақтың ұлттық биін биледі

Ақтоты Жапатова 25 қыр. 2025 15:56

Бүгін шахматтан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының 380 қатысушысы биік таулы Шымбұлақ курортын импровизация сахнасына айналдырды: шетелдік спортшылар әйгілі қазақ биі «Қара жорғаны» биледі. Қар жамылған таулар аясындағы би шеңбері демалыс күнінің жарқын акцентіне және қонақтар мен қабылдаушы ел арасындағы шынайы мәдени көпірге айналды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Әсіресе Зимбабве командасы үшін қармен алғашқы кездесу ерекше әсерлі сәт болды. Делегация жетекшісі доктор Микоти Мерси Мушангве өз әсерімен бөлісті:

«Біз Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Осындай керемет чемпионатты ұйымдастырғандарыңыз үшін рахмет. Бізге Алматы қаласы өте ұнады – ол әдемі, жасыл әрі қонақжай екен. Бүгін Шымбұлақта балаларымыз қарды алғаш рет көрді. Өйткені біз ыстық елде тұрамыз және оны ұстап көруді армандайтынбыз, ал бүгін балалар тіпті қар атысып та ойнады».

Турнирдің экваторындағы чемпионат

Бұл уақытта Алматыда, Балуан Шолақ атындағы СКК аренасында, FIDE World Cadet Chess Championships 2025 жалғасуда. Алты тур ойналды – жолдың жартысынан өттік. Медаль үшін күреске 88 елден келген 842 жас шахматшы қатысуда: 8, 10 және 12 жасқа дейінгі ұлдар (Open) мен қыздар (Girls) санатында.

Қазақстан рекорд орнатты: елдің барлық 20 өңірінен 229 ойыншы қатысып отыр. Қатысушылар саны бойынша Алматы көш бастап тұр – 86, одан кейін Астана – 47.

Негізгі санаттардағы аралық нәтижелер:

  • G8 – Алиша Бисалиева (Қазақстан) 6 ұпаймен көш бастап тұр.
  • O8 – 100%-дық нәтижені Ван Юйсюань (Қытай) көрсетіп келеді, қазақстандық Әдинұр Әділбек 5½ ұпаймен екінші орында.
  • G10 – алда WCM Чинзориг Нандинджигуур (Моңғолия), қазақстандық Милана Филиппова мен Аделина Нұрханқызының сәйкесінше 4½ және 4 ұпайы бар.
  • O10 – үнділік AFM Мани Сарбарто көш бастап тұр (6), жеті қазақстандық қуғыншылар тобында.
  • G12 – америкалық WFM Лори Кью 6 ұпай жинады.
  • O12 – көшбасшылар қатарында алматылық CM Данис Қуандықұлы және түрік спортшысы Али Пойраз Уздемир – 5½ ұпайдан.

Ертең қатысушылар 7-ші турға шығады, онда алғашқы нақты медаль үміткерлері анықталмақ.

Турнирдің ресми серіктестері: Sense Robot, Спорттық нысандар дирекциясы, «Балуан Шолақ» аренасы, Best Service, Primus Capital, Shymbulak Water, Air Astana әуе компаниясы, Almaty Tourism Bureau және Алматы халықаралық әуежайы.

Ақпараттық қолдау көрсеткендер: DKNews, «Курсив», «Еуразия» бірінші арнасы, «7 арна», «Мир» ТРК, «Қазспорт», «Алматы» телеарнасы, Astana TV, Toppress, Dala News, Ult.kz, Today Info, Zakon.kz, ChessBase, Lichess.org, «Чессно говоря» телеграм-арнасы, Qalam Balam, ChessBase India және Sport Plus.

Домбыра үнімен орындалған «Қара жорға» биі мен алғашқы қарды көріп қуанған қатысушылар үшін ұмытылмас күн сыйлап, Қазақстанның қонақжайлығын тағы да айшықтап берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар