«Қаңтар оқиғасында» 3,5 мың құқық қорғау қызметкері жарақат алған

Dalanews 14 нау. 2022 05:37 954

«Қаңтар оқиғасы» кезінде 3,5 мың құқық қорғау органдарының қызметкері жарақат алды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Тәртіпсіздік кезінде шабуыл жасағандардың саны бірнеше есе көп болуынан құқық қорғау органдарының қызметкерлері агрессияны тоқтата алмады. Кадрлардан көргендей, 18-20 жастағы полицейлер мен сарбаздарды қатыгездікпен соққыға жықты. Күш құрылым қызметкерлері арасында 3,5 мыңға жуығы жарақат алды немесе сол күндері жарақаттанғандардың 80 пайызы құқық қорғау органдарына тиесілі, – Берік Асылов.

Осы орайда сол кездің өзінде тәртіпсіздікке қатысқандарға күш қолданылмағанын айтты.

– Осы жағдайда полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері соңына дейін зорлық-зомбылықты тежеуге тырысып, атыс қаруын қолданбады, – деді Бас прокурор.


Оның сөзіне қарағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері резеңке оқ пен көзден жас ағызатын газды және басқа да арнайы құралдарды пайдаланбаған. «Мұны тәртіпсіздікке қатысқандар әлсіздік ретінде көріп, топтар жоғары екпінмен қызметкерлерге шабуыл жасады, яғни атыс қаруы мен басқа да заттарды қолданды» деді Бас прокурор.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар