Бүгін, 2025 жылы 27 қаңтарда Алматыдағы сот отырысында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты айыпталған бір топ адамға қатысты үкімдер шығып жатыр. Көпшілікті, негізінен,"Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевке, кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Руслан Искаковқа қандай жаза тағайындалаты қызықтырып отыр, деп жазады Dalanews.kz.
Дегенмен сот, әзірге негізгі бұл үш фигурантқа қатысты үкім шығара қойған жоқ. Ал 40-тан астам айыпталушының ішінен кейбіреулері тергеу кезінде қамауда немесе үйқамақта болған мерзім есебінен бостандыққа шықты. Залда отырған тілшіміз сотталушылардың бір бөлігіне 7 жылға дейін жаза кесілген болса, осы уақытқа дейін ең қатаң жаза – 8 жыл бас бостандығынан айыру деп жарияланған.
Айта кетейік, қаңды қаңтар оқиғасына қатысты басты күдіктілер қатарында Арман Жұмагелдиев ("Дикий Арман"), Қайрат Құдайберген және Руслан Искаков та бар. Прокурорлар Жұмагелдиевке 20 жыл жаза сұраған болатын. Үкім толық жарияланған соң қосымша ақпарат ұсынатын боламыз.